Кеңестік билік және жаңғырту (1917–1930 жж.)

1931–1933 жылдардағы ұжымдастыру және ашаршылық

Орысша нұсқасы →

📋 Бұл тақырып не туралы?

Ұжымдастыру — жеке шаруашылықтарды күштеп ұжымшарларға (колхоздарға) біріктіру және көшпелі халықты отырықшыландыру саясаты. Қазақстанда бұл науқанды Ф. Голощекин «Кіші Қазан» ұранымен жүргізді. Бұл саясат қазақ халқының тарихындағы ең ауыр әрі сұмдық қасіретке айналды: мал басы 40 миллионнан 4,5 миллионға дейін құлдырап, 1931–1933 жылдардағы ашаршылықтан 2 миллионнан астам адам қырылды, ал бір миллионнан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге босып кетті. ҰБТ-да тәркілеу туралы декреттің қабылданған уақыты, мал басының шығыны және «Бесеудің хаты» жиі сұралады.

🗓️

Негізгі даталар

1925 — Ф. Голощекиннің Қазөлкекомның бірінші хатшысы болып тағайындалуы, «Кіші Қазан» бағытын жариялауы
1926–1927 — егістік және жайылымдық жерлерді қайта бөлу
1927 жылғы желтоқсан — БК(б)П XV съезі: ұжымдастыруға бағыт алу
1928 жылғы 27 тамыз — ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу туралы декрет
1928–1932 — күштеп ұжымдастыру, халықтың 519 көтерілісі
1932 жылғы 4 шілде — Голощекинге жолданған «Бесеудің хаты»
1931–1933 — жаппай ашаршылық: 2 миллионнан астам адамның қаза табуы

🔒
Бұл — тақырыптың басы ғана

Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.

Тарифтер — 990 ₸-ден