📋 Бұл тақырып не туралы?
1920 жылғы 26 тамызда БОАК пен РКФСР ХКК-нің бірлескен декретімен РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Бұл Алаш арыстары аңсаған ұлттық-демократиялық автономия болмағанымен, дәл осы тарихи құжаттан бастап арада 71 жыл өткен соң мемлекеттік Тәуелсіздікке жеткізген үздіксіз қазақ мемлекеттілігінің жаңа дәуірі басталды.
Негізгі даталар
1918 жылғы наурыз — РКФСР Ұлт істері халық комиссариаты жанынан Қырғыз (Қазақ) бөлімінің құрылуы
1919 жылғы 10 шілде — В. Лениннің Қазревкомды (Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет) құру туралы декретке қол қоюы
1920 жылғы 26 тамыз — «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің қабылдануы
1920 жылғы 4–12 қазан — Орынборда өткен Кеңестердің Құрылтай съезі; қазақ кеңестік мемлекеттілігінің туған күні деректерде екі түрлі аталады: 12 қазан және 4 қазан
1921 жыл — батыс пен солтүстіктегі шекараларды межелеу
1924 жыл — Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу үдерісі
1925 жылғы 15–19 сәуір — Ақмешітте өткен Кеңестердің V съезі: халыққа өзінің байырғы «қазақ» атауының қайтарылуы
1925 жылғы 15 маусым — БОАК (ВЦИК) қаулысы: Қырғыз АКСР-і атауын Қазақ АКСР-і, Ақмешіт қаласын Қызылорда деп өзгерту
Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.
Тарифтер — 990 ₸-денӨзіңді тексер: тақырып тестінен 2 сұрақ
- 1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы декрет жарияланған уақыт
- A)1920 жылғы 4 қазан
- B)1925 жылғы 15 маусым
- C)1920 жылғы 26 тамыз
- D)1919 жылғы 10 шілде
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: C) 1920 жылғы 26 тамыз
1920 жылы 26 тамызда БОАК пен РКФСР ХКК РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдады. - 2. Қазревкомның тұңғыш төрағасы
- A)Х. Ғаббасов
- B)С. Меңдешев
- C)С. Пестковский
- D)В. Радус-Зенькович
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: C) С. Пестковский
Қазревкомды С. Пестковский басқарды, ал оның орынбасары А. Байтұрсынұлы болды.
Тесттің қалған сұрақтары (барлығы 10) әр жауабының талдауымен — жазылым бойынша.
Өзіңді толық ҰБТ-да тексер — тегін
5 пән, 120 тапсырма, 4 сағат — нақты емтихандағыдай. Балл мен әр пән бойынша нәтиже — бірден, ал осал тақырыптарды теорияға сілтемелерімен көрсетеміз.
Тегін сынақ ҰБТ тапсыру