XX ғасырдың басындағы Қазақстан

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Орысша нұсқасы →

📋 Бұл тақырып не туралы?

1916 жылдың жазында бүкіл Қазақ даласы отаршылдық езгіге қарсы дүр көтерілді. Көтерілістің себептері ондаған жылдар бойы жинақталған еді — шұрайлы жерлердің тартып алынуы, шектен тыс салықтар мен шенеуніктердің өзбырлығы халықты тығырыққа тіреді. Ал көтерілістің тікелей сылтауы — патшаның қазақтарды тыл жұмыстарына алу туралы жарлығы болды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтып, жалпыұлттық сипат алды.

🗓️

Негізгі даталар

1916 жылғы 25 маусым — «Бұратана еркектерді тыл жұмыстарына алу (реквизициялау) туралы» патша жарлығы
1916 жылдың шілдесі — Жетісуда көтерілістің басталуы
1916 жылдың шілде–тамызы — қарулы қарсылықтың жаппай сипат алуы
1916 жылғы 28 тамыз — А. Куропаткиннің ақсүйектерді, билік өкілдері мен дінбасыларды әскерге алудан босату туралы бұйрығы
1916 жылдың қыркүйегі — Бекболат Әшекеевтің өлім жазасына кесілуі
1916 жылдың қазан айының соңы — сарбаздардың (15 мың қол) Торғай қаласын қоршауы
1916 жылғы 21 қараша — Торғайдағы құрылтай: Әбдіғапар Жанбосынұлы хан, Амангелді Иманов сардар болып сайланды
1917 жылдың ақпаны — көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі

🔒
Бұл — тақырыптың басы ғана

Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 11 сұрақ.

Тарифтер — 990 ₸-ден