Морфология, сөзжасам

Үстеу және оның мағыналық түрлері

🎯 ҰБТ балыңды біл — нақты емтихан форматындағы тегін сынақБастау →

📋 Тақырып не жайлы?

Бұл тақырыпта біз сөз таптарының ішіндегі ерекше топ — үстеуді оқимыз. Үстеу қимылдың немесе іс-әрекеттің қалай, қашан, қайда, қандай мақсатпен, қандай себеппен орындалғанын көрсетеді.

Үстеу морфология мен сөзжасам бөлімдерімен тығыз байланысты. Себебі үстеулердің мағыналық түрлерін ажыратып қана қоймай, олардың қандай жұрнақтар арқылы немесе қандай сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалатынын білу өте маңызды.

🔒
Бұл — тақырыптың басы ғана

Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.

Тарифтер — 990 ₸-ден

Өзіңді тексер: тақырып тестінен 2 сұрақ

  1. 1. Үстеудің анықтамасы
    • A)Заттың атын, құбылысты білдіріп, кім, не сұрақтарына жауап беретін дербес сөз табы
    • B)Қимылдың, іс-әрекеттің түрлі белгісін, амалын, тәсілін білдіретін сөз табы
    • C)Заттың сынын, сапасын, түсін, көлемін білдіріп, қандай, қай сұрағына жауап беретін сөз табы
    • D)Заттың санын, мөлшерін, ретін, бөлшегін білдіріп, қанша, неше сұрағына жауап беретін сөз табы
    Жауабын көрсету

    Дұрыс жауап: B) Қимылдың, іс-әрекеттің түрлі белгісін, амалын, тәсілін білдіретін сөз табы

    Ереже бойынша: Қимылдың, іс-әрекеттің түрлі белгісін: жай-күйін, амалын, тәсілін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы үстеу деп аталады.
  2. 2. Сын-қимыл (бейнелік) үстеуі қатысқан сөйлем
    • A)Орнынан амалсыздан тұрған ол есік жаққа беттеді
    • B)Әдейі өзіміздің жақтың әндерін салдым
    • C)Ертең олардың жатақханасына барып әңгімелесерміз
    • D)Шу дегенде болатын тосырқаулық біржола жойылды
    Жауабын көрсету

    Дұрыс жауап: D) Шу дегенде болатын тосырқаулық біржола жойылды

    «Біржола» сөзі қимылдың қалай орындалғанын білдіретін сын-қимыл үстеуіне жатады.

Тесттің қалған сұрақтары (барлығы 10) әр жауабының талдауымен — жазылым бойынша.

🎯

Өзіңді толық ҰБТ-да тексер — тегін

5 пән, 120 тапсырма, 4 сағат — нақты емтихандағыдай. Балл мен әр пән бойынша нәтиже — бірден, ал осал тақырыптарды теорияға сілтемелерімен көрсетеміз.

Тегін сынақ ҰБТ тапсыру