Етістіктің шақтары
📋 Тақырып не жайлы?
Бұл тақырыпта біз етістіктің сөйлеп тұрған сәтке байланысты іс-қимылдың қашан орындалғанын, орындалып жатқанын немесе орындалатынын білдіретін грамматикалық категориясы — шақтарды оқимыз.
Етістіктің шақтары морфология бөлімінің ең маңызды тақырыптарының бірі. Бұл тақырып көсемше, есімше жұрнақтарымен және жіктік жалғауларымен тығыз байланысты, себебі шақ түрлері осы қосымшалар арқылы жасалады.
Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.
Тарифтер — 990 ₸-денӨзіңді тексер: тақырып тестінен 2 сұрақ
- 1. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіретін ұғым
- A)Етістіктің райлары
- B)Есімше
- C)Көсемше
- D)Етістіктің шақтары
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: D) Етістіктің шақтары
Ереже бойынша: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. - 2. Нақ осы шақта тұрған етістігі бар сөйлем
- A)Ол кезде шаршау дегенді білмейтінмін.
- B)Жақсы жанына жолдас болар.
- C)Мен ертең оқимын.
- D)Мен оқып отырмын.
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: D) Мен оқып отырмын.
«Мен оқып отырмын» сөйлеміндегі «оқып отырмын» — негізгі етістік пен қалып етістігінен жасалған күрделі нақ осы шақ.
Тесттің қалған сұрақтары (барлығы 10) әр жауабының талдауымен — жазылым бойынша.
Өзіңді толық ҰБТ-да тексер — тегін
5 пән, 120 тапсырма, 4 сағат — нақты емтихандағыдай. Балл мен әр пән бойынша нәтиже — бірден, ал осал тақырыптарды теорияға сілтемелерімен көрсетеміз.
Тегін сынақ ҰБТ тапсыру