Зар заман ақындары: Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Дулат Бабатайұлы
📋 Тақырып не жайлы?
XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақ даласын ресейлік отарлаушылар билеп-төстей бастады. Еркіндікке үйренген халық құнарлы жерінен айырылып, орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты. Отаршылдықпен бірге қалалар салынып, халық отырықшылдыққа көшті. Алым-салық көбейіп, ақша кірді, парақорлық өсті. Саудагерлер қарапайым халықтың аңқаулығын пайдаланды. Тіпті дастарқаннан қымыз кетіп, шайдың келуі, адам мен малдың санаққа алынуы елді шошытты.
Осы тарихи кезеңдегі елдің мұңы мен зарын, жерден айырылу қасіретін, салт-сананың бұзылуын жырлаған ақындар шоғыры әдебиет тарихында «Зар заман ақындары» деп аталады. Бұл атауды әдеби термин ретінде алғаш рет 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» еңбегінде Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізді. Ол бұл дәуірді Абылай хан тұсынан бастап Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбет Орманбетұлымен аяқтайды.
Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.
Тарифтер — 990 ₸-ден