«Қыз Жібек» жыры
📋 Тақырып не жайлы?
«Қыз Жібек» жыры — қазақ халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын лиро-эпостық туынды. Жыр сюжеті XVII ғасырдағы Кіші жүз бен Орта жүз руларының тарихымен, салт-санасымен тікелей байланысты шынайы оқиғадан алынған. Шығармада қазақ халқының бақуатты тұрмысы, сән-салтанаты бейнеленеді.
Бұл жыр жалаң ғашықтық хикаясы ғана емес. Мұнда махаббатқа, аманатқа деген адалдық, ізгілік пен шынайылық дәріптеледі. Сонымен қатар ата-ананың алғысы мен қарғысы, жамандық пен сатқындық мәселелері қатар өріледі.
Толық нұсқада — барлық бөлімдер, сызбалар, «Қарапайым тілмен» түсіндірмелер, ҰБТ тұзақтары және тақырып тесті: әр жауабы талданған 10 сұрақ.
Тарифтер — 990 ₸-денӨзіңді тексер: тақырып тестінен 2 сұрақ
- 1. «Қыз Жібек» жырының ең алғаш басылып шыққан қаласы мен ғасыры
- A)XIX ғасырда Алматы қаласында
- B)XVII ғасырда Қазан қаласында
- C)XX ғасырда Ташкент қаласында
- D)XIX ғасырда Қазан қаласында
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: D) XIX ғасырда Қазан қаласында
Жыр ең алғаш XIX ғасырда Қазан қаласында араб әрпімен бірнеше рет (1894, 1896, 1899) басылып шыққан. - 2. Төлегеннің Жібекке жетуіне дәнекер болған, күймеге барып тілдескен кейіпкер
- A)Сансызбай
- B)Қаршыға
- C)Бекежан
- D)Шеге
Жауабын көрсету
Дұрыс жауап: B) Қаршыға
Төлеген Жібектің күймесіне дауыстағанда жауап болмаған соң, Қаршыға барып: «Жібекжан шырағым, ояумысыз?» деп тілдеседі.
Тесттің қалған сұрақтары (барлығы 10) әр жауабының талдауымен — жазылым бойынша.
Өзіңді толық ҰБТ-да тексер — тегін
5 пән, 120 тапсырма, 4 сағат — нақты емтихандағыдай. Балл мен әр пән бойынша нәтиже — бірден, ал осал тақырыптарды теорияға сілтемелерімен көрсетеміз.
Тегін сынақ ҰБТ тапсыру